Шалқар Әбіш

Туындылары


ТЕК СЕН ҒАНА

Қатар жүрдік біз екеуміз,
Кешіп өмір дариясын.
Тағдырыма тілеулесім,
Тек сен ғана Марияшым.

Талай асқар шыңдардың бір,
Бірге шықтық биігіне.
Қартайғанда ызғар мұңның,
Қалдырмашы күйігіне.

Өзіңді мен тіреу көрем,
Жалғыз сірә қалдырмашы.
Кетіп қалып біреуменен,
Жүрегімді жандырмашы.

Қылығы бар қыз баланың,
Сұлу жүзді толған айым!
Шыбыннан да қызғанамсын,
Қондырмастан қорғалаймын.

Сақтайықшы мәңгі екеуміз,
Тербеп өмір жан ұясын.
Сүйіктім-ау, тілеулесім,
Тек сен ғана Марияшым!