Туындылары
* * *
Жанарыма келіп қалған жасты үгіп,
Өтіп жатыр қайран мынау тіршілік.
Өтті күндер гүл ораған құшаққа,
Өтті сәттер бір ысынған, бір суып.
Өтті шіркін, махаббат та, сезім де,
Суынбастай болған сәттер шын сүйіп.
Бәрі өткінші екен әттең дүние,
Көйлектейін тастай салған бір киіп.
Бақтыгүл АУДАНОВА