Зылиха Жантасова

Туындылары


КЕЙІПКЕР

«Оңтүстік Қазақстан» 19 қаңтар 2013 жыл


       Өмірге ғашық көңілі өлеңге құмартты. Құлазып жүрген жанымен қоңырқай мұңға ғашық болды. Даңғаза тірлікте мұң да жалғызсырап жүргендей ме, өзін іздеп келген пендені өзекке тебе өоймады. Мөп-мөлдір мұңға айналып мөлтілдеп қалатын кездері де аз емес. Өзгелер тым мұңшылсың деп жазғыра бастаса да мұң табиғатын тастанды ете алмады. Жастық келіп еліктірді, тым жассың мұңды қайтесің деп. Алғашында елікпеп еді. Елікпесіне қоймай, азғырды. Көп мұңаюға болмайды, шүкірлік жаса, тәубаға кел деген ақылмандарының мерейін үстем етті. Сол күні ақылға толы әуезге елікті де мұңды жалғызсыратып тастап кетті.
       Табиғатында жоқ қыталдықты тапты да барды сол қадамға. Ары да мазалаған. Қара түнді жамылып сағынышымен ұрланаып барыпмүңның алдында тізерлеп тұрып, сан рет ақталғысы келген-ді. Сезімім таза еді, мұңым да мөлдір еді. Мұңының жұп-жұқа ерні шытынап кетердей күйзелген күйін көзінен өткерді. Ол кеткесін қоңыр мұң мұны аз жоқтады ма. Көп жоқтады ма білмейді. Бірақ алданып азаптанған мұң қоңырқай жырға айналып кетті. Жырдың діңінде мұның жаны өріліп кеткендей аласұрды. Қоңыр мұңның табиғатынан төгілердей көз жасының тереңінде өзі барын ұғынды. Қара өлеңнің күрсінісінен өзінің қиянаты жатқанын ұғынған сайын жаны азаптанды.
       Қоңыр мұңға деген сағынышын ақылы жеңіп келеді. Мұңның тап-таза кіршіксіз табиғатын, адалдығын сағынбай қалмақ емес. Жаны жабыққанда мұң тіршіліктің болмысымен егіздей күй кешкен сәттерін бақытқа балар кездері де бар. Сол сәтте мұңы мөлтілдей келіп, жанарының тұңғиығына тамшы жас болып іркіліп, қарашықта күміс тамшыдай тұп-тұнық күйге енетін.
       Кейіпкерлерінің болмысына өзінің бойындағы барлық қасиетін дарытуға құмбыл. Қырсықтығы да қыңырайып кейіпкерінің бойына аса ептілікпен көшіп алатын. Жүрегіндегі асыл сезіинің иесі, алыстап кеткен арман бейне үнемі кіршіксіз, сағыныышқа оранып суреттелетін. Оралуға туршіліктің күйбеңі жібермей мойып жүргендей бейнелейтін-ай. Жаны азап арқалай отырып, мұңлы қуанышына қарашығына жас тұна тұнжырай қарайтын. Бірақ күндердің бір күнінде сол бейне мүлде сезімсіз, рухы төменсіреп бейтаныс жандай жанынан өте бергенде, жанын мұз қарығандай дірдек қаққан. Сол күні сағынышы сарқылып қалғандай солқылдап жылады да, туындысын қайта жазды. Кейіпкерінің бойынан сағынышын сылып алып тастады да, мұңнан да, жалпы сезім атаулыдан жұрдай тіршіліктің құлы етіп бейнелегенде ғана жаны жұбанғандай. Көшеде серуендеп келе жатып бір кейіпкерімен кездейсоқ кездесті. Оның әлі бейтаныс бейнесі кейіпкерге айналмаған кезі болатын. Мұның жанынан шыға алмай шырқ айналды. Зерттеп болмай жатып зерігіп үлгерді де «сізді алғаш көргенде бақытты жан шығар деп қалсам, мұңшыл екенсіз деп» кінә артты. Мұның мұңынан қорқатындай алыстап кетті, «кетпеші» деп қимай жылап тұрды. «мен күлкіні, әсем күлкіні іздеп жүрмін. Сен күлсең де тек ауызың ғана күледі. Ал жанарың жылап тұрады екен»,- деп мін тақты. Күлкі іздеген кейпімен кейіпкерге айналып үлгерген.