Туындылары
МЕН БАБАНЫ ЖЫРЛАЙМЫН
Көмештің шипа суына сүңгіп ержеткен,
Керім ата, кемеңгер едің сен неткен!
Нұрыңды шашып айнала ел – жұрт, балаға,
Ізгіліктің ілімін ерте көгерткен.
Бабалар рухы қолдаған, алған қырына,
Өр өлең берген Керімдей дана ұлына,
Тарыққан елді жырымен емдеп, демеген,
Кемеңгер Керім, данышпан едің не деген!
Өлеңіңді оқып, ойланам неткен асыл деп,
Бағына біткен қазақтың рухты, жасын деп!
Ғасырда туар сендей бір алаш ұлығы,
Әйтсе де Баян – алтынның қалған сынығы.