Туындылары
АУДАРМАЛАР
ГЕТЕ
ГЕТЕ
Не болды маған,
Жүректе не бар?
Неліктен босағам,
Қапырық әрі тар?
Үнемі жел қуған,
Кең жазық бұлттары.
Шыңдарға мұң буған,
Келіңдер құшқалы.
Көп болды қабағын,
Қайғы-мұң басқалы.
Тағдырдың шуағын,
Тата алмай жасқаны.
Шың да бір, мен де бір,
Тосамыз мейірім.
Тартпашы тасбауыр,
Бұлттар кеңпейіл.
Келіңдер үдеріп,
Жуылсын шаң-кірі.
Төгілсін түнеріп,
Тәңірдің жаңбыры.
Сонан соң жарқырап,
Күн нұры шашылсын.
Шын жүзі албырап,
Қабағы ашылсын.
1979 ж.