Төрегелді Байтасов

Туындылары


***

Ала қаштым өлеңнен,
Ақ білегін біленген.
Жүрегіме түре енген,
Жан сырымды сүре ілген.
Аулақ қаштым өлеңнен,
Биік қой деп өремнен.

Қара сөзбен желейін,
Ақындықты не етейін?br>
Бірақ құрғыр көмейім,
Жырлап тұрса не дейін?!

1979 ж.