Туындылары
КӨКТӨБЕ
Баяғы ауыл, сол ауыл,
Қызығы қайран мол ауыл.
Өткенді көзден өткерсең,
Бәрінен тиер сол ауыр.
Жүрегің жайлап сыздайды,
Қиялды қиял қозғайды.
Балдаурен кетті келмеске,
Көрерге басқан із қайғы.
Татарсың барын жалқыңда
Талпынғын мейлі, таптың ба?
Балалық шақтың бір күнін,
Ала алмайсың алтынға.
Тыңдаушы құлақ, ал тыңда,
Өзгерді біраз салтым да.
Баяғы дала тағы жоқ,
Көк аспан ғана қалпында!
1990 ж.