Орынбай Шойбек

Лебіз


Шыңға шыққан шынар
жазушы інім
Шойбекке арнаймын


«Арман қанатында» сен
Көріндің отыз жасында
Ер Бегдан сенсің пейілі кең
Кейіпкерлерің қасыңда

Оқып ем «қымбат дәріңді»
Аңғардым өмір шындығын
Тыңдап ем әуен, әніңді
Арттырды жүрек ынтығын

«Өмір деген осындай»
Алғашқы жеке жинағың
Оқушы қиналмасын деп
Сен жүрегіңді қинадың

Мұраттай қайсар кейіпкер
Көп көрген өмір талқысын
Атағы шықты төгіп тер
Көп алып елдің алғысын

Жолдарда жатқан тікенді
Ерінбей алып тастаған
Қастерлеп туған мекенді
Ізгілікке бастаған

«Қателік» атты повесің
Сексен жетіде бәйге алды
Ерінбей терді төгесің
Шабысың сонда-ақ байқалды

Тоқсан үш табыс жылы боп
Төрт кітап бердің топтап бір
Өмірдің «Сана жыры боп»
Үлкенде кіші жаттап жүр

«Ақыл менен парасат»
Бүгінгі күннің ертегі
Оқысаң егер зейін сап
Жігерді қайрақ етеді

Оқысаң «сыңар құлағын»
Мейірім алдан бас иед
Тосқандай тынық бұлағын
Адами жақсы қасиет

Адамның досы «Қарауыз»
Жазықсыз өліп кетті ғой.
Уланған ой мен санамыз
Түбіне ақыр жетті ғой

Түсінігі кең Жоламан
Итіне қойды белгіні
Шойбегім әркез бол аман
Тұлғасың биік белгілі

Жігерлі журналистсің сен
Сүйреген алға газетті
Оқырмандардың көңілін
Оқыған сайын жаз етті

«Тозаңды терезеңдегі »
Жайсаң жан екен жанарыс
Өлшенер оймен сендегі
Бітетін барлық бағалы іс

Ауғанға барған Еркүміс
Болса да жаны жаралы
Мінезі, ойы мол