Туындылары
Ана тілден бастау алып, бірге өсіп, 
Халқымыздың бар байлығы сақталған. 
Онда қанша жанды теңеу жүр көшіп, 
Жүректерден- жүректерге жатталған! 
Бедел, бедер, бейнесімен өрілер, 
Боразданың шектеріндей бар әні. 
Қарағайлар – дулығалы серілер, 
Теңізіңіз – жердің жасыл жанары. 
Теңеуінің бәрі мөлдір, бәрі ізгі, 
Бұлағыңыз күмістейін ағылған. 
Жұлдызыңыз асыл шеге тәрізді, 
Түнгі аспанға жиі- жиі қағылған. 
Кейде тәтті, кейде қатты тіліміз–
Мұң – күлкіге, көк мұз – отқа оранған. 
Ақ қайыңға ұқсайды ғой қызыңыз, 
Ал, қарт кісі аумайды ескі томардан. 
Шет-шегіне шыға алмайды ойыңыз, 
Халық бәрін көре білген анықтай. 
Ежелгі орман үстінде жас Айыңыз, 
Қалт- құлт еткен, ескегі жоқ қайықтай. 
Бұлт соншалық ұқсайды екен жайынға, 
Тұңғиықта екпінінен жел ескен. 
Айтар болсақ, енді егін жайында, 
Салады еске топырағын өзі өскен. 

