Лебіз
Сергек Серік дос тарихи-танымдық оқиғалардан бөлек, арғы-бергі әдебиетке де жүйрік болып шықты. Қай тақырыпты қозғасаңыз да қиялай өрлеп, орны-орнымен қолмен қойғандай етіп әсерлі де сенімді әңгімелейді.
Сабырбек ОЛЖАБАЙ
«Сері мінезді Серіктің жазары да, шығар биігі де әлі алда. Ол халықтың адамы, сондықтан оның оқырмандары үнемі іздеп жүреді».
Сабырбек ОЛЖАБАЙ
Серіктің «Молықбай қобызшы» деген повесі жарық көрді. Оқырмандар ақиық ақын Ілияс Жансүгіровтың «Күйші» деген поэмасынан танитын қобызшы Молықбай жаңа қырынан көрінді.
Сабырбек ОЛЖАБАЙ
«Серік Жанәбіл... Әдебиеттің басшысына дән егіп жүргендер де, одан да жеміс теріп, нәр алып жүргендер де бұл есімді таниды. Жазғандары – қымбат, жаны жұмбақ, ал бір қарағанда тірлігі – сырғақ Секеңмен күнделікті қатар жүргендер көп. Бірақ шын сөзі қайсы, әзілі қайсы, ажыратуы қиын осы адамды жақсы түсінетін, шын мәнінде жанын ұғатын жандар көп пе? Бұл беймәлім».
Асхан МАЙЛЫБАЕВА