Серік Жанәбіл

Өмірдерек


Журналист, жазушы. Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі. Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.
1952 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы Ойтоған ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы бітірген.
1977 жылы ҚазМУ-ді бітіріп, «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде жұмыс істеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Абай ауданының «Мақташы» газеті редакторының орынбасары, Ленгір аудандық киножүйелер бірлестігінің директоры, Шымкент қаласы «Октябрь» кинотеатрының директоры, Шымкент қаласы «Қазақ тілі» қоғамының орынбасары қызметтерін атқарған. Жазушы, мемлекет қайраткері Ілияс Жансүгіровті зерттеуші. «Қобызшы Молықбай», «Ол ертең атылады», «Жанымды түсін», «Алтын жүзік», «Ақынның балалық шағы», «Дүрбелең», «Ықыластың қобызы» атты кітаптардың авторы.
«Қобызшы Молықбай» фильм спектаклі Қазақстан Ұлттық арнасының Алтын қорында сақтаулы. 1994 жылы Ақсу ауданы Қоқты жайлауында өткен Ілияс Жансүгіровтың 100 жылдық мерей тойында жазушының повесімен жазылған «Дауылды заман дүлділі» атты қойылым қойылды.
Шымкент қаласының және Алматы облысы Ақсу ауданының Құрметті азаматы.