Өмірдерек
Ақын Қабылбек Төретайұлы 1950 жылы 13 қарашада Сайрам ауданы, «Қайнарбұлақ» ауылында туған. Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1968 жылы «Казмеханомонтаж» трестінде слесарь-жөндеуші қызметінен бастады.
1976 жылы «Фосфор үшін» көпбасылымды газет редакциясында редактордың орынбасары, 1977 жылдың маусым айынан 1981 жылдың тамыз айына дейін Шымкент облыстық ЛКЖО комитетінің аппаратында - лектор, лекторлық топтың меңгерушісі, 1981 жылдың тамыз айынан Еңбекші аудандық және облыстық партия комитеттерінде, 1991 жылдың шілде айынан бастап Шымкент облыстық Халық депутаттары атқару Кеңесінде ұлтаралық қатынастар секторының меңгерушісі, баспасөз қызметінің хатшысы қызметтерін атқарған, ал 1992–1997 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратында әлеуметтік-мәдени кешен бөлімінің және жалпы бөлімнің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1997 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысы мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы болып тағайындалды. Содан 16 жыл басқарма басшысы болып 2013 жылы зейнеткерлікке шығып, 2016 жылдық 1 наурызына дейін облыстық архив директоры болып жұмысын жалғастырды. Қазақстан Жазушылар мен Журналистер одағының мүшесі, ҚР «Құрмет» орденінің иегері, Сайрам ауданының құрметті азаматы.