Төретайұлы Қабылбек

Лебіз


Ақынға арынды да азулы болу ләзім.Осы екеуін қатар алып жұрген атпал азаматтың ары мен бары айқындала түседі. Арының алауын аспандатып келе жатқан Қабылбек ақынның айтары әлі де көп болса керек.

Сабырбек Олжабай




Көзшалым жердегіні қалт жібермейтін, дегбірсіздікке дес бермейтін өжет ініме шығармашылық табыс тілеймін.

Нармахан Бегалы,
ақын




Ақынның бір ерекшелігі – ол махаббат тақырыбындағы өлеңдерді көп жаза бермейді. Есесіне бүгінгі уақыттың зәру, түйінді мәселелеріне арналған өлеңдері көп.

Г. Хайболқызы
оқытушы




«Қабылбектің қаруы – қарымды қаламы».

Атанбек Наурыз

ақын, журналист



«Талант деген шіркін бір дүлей тасқын ғой. Тау басынан аққан асау өзеннің жағаға соққылаған толқынының шуылы тыныш жатқан жапан даланы тітіркендіріп, әлемді өзіне қаратқандай әсер қалдырады. Бұл – табиғат тіршілігі. Ал ақын да өзінің жүрекжарды өлеңімен халқына жыр шашады. Елмен бірге қуанады, мұңдасады, ой бөліседі. Сондай ақынның бірі – Қайнарбұлақ ауылынан шыққан Қабылбек Төретайұлы. »

Серік Жанәбіл

жазушы



«Қ. Төретайұлының жәдігер сөзді қолтаңбасы жас буындардың жүрегіне жылылық дарытып, ересек ағаларға жампоз күндерін сағындыра түседі.»

Атанбек Наурыз

ақын, журналист



«Қабылбек Төретайұлының мақалалары, публицистік туындылары ешкімді де енжар қалдырмайды. Әсіресе, тіл туралы, тәуелсіздік талаптары хақындағы дүниелері өзінің елгезек табиғатына, айта салатын ғана емес, айта алатын айрықшалығына жарасады.»

Мархабат Байғұт

жазушы



... Қабылбек өлеңдерінен біз ойлылықты байқадық.

Исраил Сапарбай

Ақын



«Қабылбек өмірде кісілік жағынан да оқшау тұрады.»

«Қабылбек ақынның ұстанған беті, негізгі пікірі - өзінің қазақ деген халқы. »

«Қабылбек ақын ұлтшыл емес, ұлтжанды ақын.»

Серік Жанәбіл

жазушы



Ақын Қабылбек Төретайұлының есімін иісі қазақ демесек те, оңтүстік өңірі жақсы біледі. Өз басым бұл азаматты арынды ақын, парасатты публицист, салауатты да сауатты қайраткер ретінде жоғары бағалаймын.

Қасымхан Бегманов

ақын



Өлең, өлең, өлең деп

Алмайтұғын дамыл көп.

Поэзия жолында,

Жолың болсын, Қабылбек.

Нәсреддин Сералиев

жазушы



Әйгілі ақын шығады Қабылбектен,

Оған көзіс өзімнің кәміл жеткен!

Сол үшін ұсынылды осы естелік

Ағасы Сарыбаев Қаныбектен.

Қаныбек Сарыбаев

ақын



... ақыннан өзі айтқандай, маңдайы жарқыраған жақсы жырлар күтеміз.

Қасымхан Бегманов



«Қабылбек – қаламы жүйрік, ойлы ақын. Ол айналып келгенде өзі туып өскен Қайнарбұлағын, өскен ортасын, Оңтүстігін жырға қосады.»

Серік Жанәбіл

жазушы



«Қабылбек үлкен жүректі ақын. Оның ақындығының сыры мен қырын тану оқушының еншісіне тиеді.»

Серік Жанәбіл

жазушы



Қабылбек Төретайұлы қайсы шығармасын бастамасын, ең алдымен ақ түтек боранымен орап, көк тайғақ мұзымен қарып, жан шыдамас шындығымен шыжғырып алады. Содан, әбден жүрек дертін шығарып алған соң барып, алақаны жылиды. Сол кезде барып, өлеңінен лирикалық  саз еседі. Мейірімге бөлеп, маңдайынан өбеді.

Оқырман