Бөрібай Оразымбет

Асыл сөз


«-Өзіңді-өзің қаншалықты бағаласаң, өмір соған соншалықты сый береді. Ал, еңбек өмірдің мәні, мәтіні дер едім. Өміріңнің мәтіні жақсы жазылуы үшін адамдардан тек қана жақсылық ізде, тап. Есіту мен көруден ойлау туады. Сол ойыңа жаман вирус кіргізіп алма, жаман ойды іске асырмақ түгілі, ойламауға дағдылан. Ол – терең тұйық, батырып кетеді...»



«Құрдасыңа – қуаныш бол.
Сырласыңа – сынық бол.
Жылағанға – жұбаныш бол.
Туысыңа – тұнық бол.
Татулыққа – тамаша бол.
Ықыласқа иық бол.
Ана алдында – аласа бол.
Ар алдында – биік бол.»



«Меніңше, ұлы көштің тоқтауы – уақыттың тоқтауы. Ал, уақыттың тоқтағанын кім көріпті? Кім естіпті? Келешекте кеңшілік заман туарына сенгім келеді.»