Бөрібай Оразымбет

Лебіз


«...Қызмет те қолдың кірі, қандай басшы болмасын бір күні орнынан түседі. Ал, ақындар ешқашан тағынан түспеген, мына қара баладай ақындарды алақанға салып аялау керек. Өркенің өссін, ақ батамды бердім балам».

Д.А.Қонаев, 1992 ж.



«...фамилияңның тұсына арқалы, адуын ақын деп жазып қойдым. Мынау 360 әулиенің үстінде тұрып, Қашаған бабаңның әруағы қолдап жүрсін деп, ел алдында саған Ақбөрі деген ат қойдым. Аумин!».

Ә.Кекілбаев, 1991 ж.



«Бөрібайым, шақырсын өлеңнің өрі дәйім,
Өмірде сирексің-ау неғылайын!?»

Т.Молдағалиев, 1995 ж.



«...Ақбөрі десе Бөрі екенсің, сол бөрілік мінезіңнен тайма айналайын».

М.Шаханов, 1995 ж.



«...Қазақстан топырағын Өзбекстан жеріне тұңғыш Ақ боз ат мініп келген ақынға айтарым: өнер, өлең өлкесінде өз қолтаңбаңды жеңіс биігінен қалдыра бер. Аумин!».

Қ.Найманбаев, 1995 ж.



«...Рас, Бөрібай негізінен шабыттың ақыны. Одан «арам тер» шығу керек. Кәдімгі Сүйінбай ақын секілді төгіп, нөсерлетіп, төпеп айтуды ұнатады.Солай айтады да. Ақындық жолыңа ақ сапар!»

Қ.Сейданов, 1996 ж.



«...Өз ауылы мойындаған ақынды, әлем мойындайды.  Бөрібай ауылын мойындатқан нағыз ақын. Бөрібайға өлең жазу табиғи қажеттілікке айналған.»

Қ.Мырзалиев, 1996 ж.



«-Бөрібай, айналайын, інім дедім.
Көргеннен бақшадағы гүлім дедім
Өнерің өрлей берсін тілегім сол,
Ешкімнен ешуақытта сүрінбегін.»

айтыскер-ақын Т.Әбуова



«Астыңыздан ат пен тақ, Басыңыздан бақ,
Көңілден бап, аузыңнан ақ кетпесін».

айтыскер-ақын Ә.Қалыбекова



«...жырыңа риза болдық! Жырыңмен бар елге еркелеп жүре бер, бауырым».

Н.Назарбаев, 2001 ж.



«Жакшидан бақ, акыннан ыр калат, канаттуу ырларың кылымдан кылымга кыдырсын. Уламага айналган залкар тоир бол иним».

А.Ақаев, 2001 ж.



«-Сизга алахида катта рахмат! Миннадорман».

И.Каримов, 2001 ж.



«-Большое спасибо, акын. Желаю огромных успехов в творчестве».

И.Рахманов, 2001 ж.



«...қазақтың ескі суырып салма дәстүрін бойына сіңірген ақын. Бойда қуат бар, қазақша айтқанда әруақ бар, көптің алдына шыққанда көтеріліп кетеді екен. Әлгі бәйгі аттары көмбеге жақындағанда, айғай-шуды естігенде көтеріліп кетеді ғой. Мен Бөрібайдың соны көріп қуандым. Елдің ұлағатты ағаларына айтарым, мұндай ұлдарыңызды баптай білсеңіздер Мырзашөл қуанышы көп болары даусыз демекпін».

М.Мағауин



«Бауырым,Бөрібай! Ақындық киелі жолды таңдаған екенсің, талабыңа нұр жаусын. Өлең мен айтыс – қос қанатың болса, талай-талай сөз сайысы, жыр жарысында бағың ашылып, жұлдызың жанып, шын мәнінде Ақ Бөрі екеніңді айғақтай беруіңе тілектеспін. Халқыңа қызмет ет. Халқыңа жаққаның – Жалпыға жаққаның. Ақын деп, азамат деп төбесіне көтеріп жатқан ағайын-жұрттың алғысына бөлене бер!»

елші Ө.Өзібеков



«Бөрібайдың бүгінге дейінгі ақындық ғұмырнамасы-Құдай деген пенденің өң мен түстің арасындағы тіршілігіндей қызық құбылыс. Алғашында бірқақпай сын-сықақ жазып, қаламын шыңдап, одан лирикалық өлеңге құлаш ұру, содан кейін айтыскерліктің арғымағына бірден ер-әбзел салу – таланттың тәуекелшілдігі ғана емемс, үлкен абыройға жеткізген арқалылық, арналы тасқындық деп білемін».

Т.Әліханов



Ақын аға, мырзашөлде бағаң да артық,
Еліктеп жүрмін саған қалам тартып,
Шындықпен шырылдаған өлеңдерің,
Көңілімді шаршып кетті алаңдатып.
Ой тастайын ақиық ақыныма,
Арулар көк аттының тақымында.
Қыдырдың Ақ-Бөрісі өзің айтшы,
Қандай ұрпақ күтеміз ақырында?!
Астана да атады Ақ-Бөрі деп,
Тұсауын кес ініңнің бапкері боп.
Қанат қағып қырандай қалықтайын,
Жыр бағыңның төбесінде Бақ Перің боп!

оқырманы П.Майсупов