Бөрібай Оразымбет

Өмірдерек


Оразымбет Бөрібай Қыдырбекұлы 1954 жылы 18 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай өңірінде дүниеге келген. Әкесі Қыдырбек – зергер-ұста, қолмерген-саятшы, шабандоз, тақымы терге шіріген жылқышы, шопан кісі болған.Анасы Айткүл – ержеткен ұлын өзге үйден тойдырмай, бойжеткен қызын өзге үйге қондырмай, Құран аяттарымен қаруланған кісі болған.Д.А.Қонаевтың ақ батасын алған арқалы айтыскер және жазбагер ақын.
Айтыскер ақын 1991 жылы Маңғыстаудағы Қашағанның 150 жылдық мерейтойында ел оған Ақ-Бөрі есімін берген. Көптеген халықаралық ақындар айтысы мен мүшәйралардың жеңімпазы әрі жүлдегері. Республикалық термешілер байқауының лауреаты. Қазақстан мен Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі. Халықаралық «Достық-ортақ үйіміз» фестивалінің Гран-При иегері. «Ақ-Бөрі ақын» атты телефильмінің бас кейіпкері.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының I, II құрылтайының делегаты.
2001жылы 27 желтоқсанда Ташкентте төрт елдің президенттері: Н.Ә.Назарбаев, И.Каримов, А.Ақаев және И.Рахмановтар бас қосуында жыр шашу құрметіне ие болып, «Төрт елдің еркесі» атанған.
Халықаралық «Шолохов»; «Абылай хан»; «Тоқтоғұл»; «А.Навои»; «Данышман»; «Туран биримдиги»; «Перо Руси» медельдарының иегері.
2017 жылы Халақаралық «Бейбітшілік әлемі» Қазақ Творчестволық Бірлестігі шешімімен «Жыл Ақыны» атанған.
Өлеңдері 1-сынып оқушыларының «Қазақ тілі» оқулығында жарияланған балалар ақыны.
2005 жылы умра қажылық парызын өтеп қайтқан.
Жанұялы. Жеті перзенттің әкесі, он бір немеренің атасы.