Марғуба Мухтарова

Туындылары


БІР СЫРЫМ БАР

Қалай бастар екенмін, қалай бастар,
Қалай құрам өзіңді көңіл жоспар.
Талай талай айтылды алтын тостар
Қалай бастар екенмін, қалай бастар.

Түйгенім де, сырым да көп қой менің,
Шабыт келді шымылдық түріп тастар
Ашқым келед сырымды, бірақ кімге?
Бір сырым бар армансыз күліп бастар,
Бір сырым бар бақыттан жырақ мүлде,
Бір сырым бар көкірек қарсы айрылар,
Бір сырым бар оранған құрақ гүлге,
Бір сырым бар балалығым жұмақ күндер,
Бір сырым бар шалалығым құлап күлер.

Бір қателік жасадым өмірімде
Өзім түгіл өзге ойлап жылап жүрер.
Өткен шаққа өкіндің не, өкінбедің
Болары боп, бояуы сіңгеңі үшін.
Ол тағдырдың бір бетін жыртып тастау
Өзің түгіл өзге де білгені үшін

Мен сонда да қол созам болашаққа,
Кешіктім деп ойламай, еш уақытта.
Бос боп өтті талай күн босқа кетті
Өкінгенше қуайын, қуып жетіп
Деген ойлар шымырлап басқа жетті.