Марғуба Мухтарова

Лебіз


МАРҒУБА МҰХТАРҒА


Ақ нұрдан киген жаулығын
Буынған белдік – қауымын
50-ге кепті ер мінез
Қазақтың қызы-Таугүлім.

Сөз айтпайтын тасадан
«Елім» деп көңілі босаған
Ер жігіттің пейілімен
Қыз беріпті-ау жасаған

Тамсантып көптің талайын,
Жүрекке беріп арайын,
Жұп-жұмсақ, жібек мінездім
Желпінтіп жырды жабайын.

Түн түнегі түрілген,
Айналдым айбар үніңнен!
Тілектестерің тіктеліп
Жылпостар бірден бүгілген.

Эделвейс кім дейсің?
Тау басында гүлдейсің!
Қарғалар жетпес биіктік,
Қырандармен бірдейсің!

Құтты болсын 50-ің,
Өнер мен елді телуің.
Тау қызы болу – тектілік,
Құт болсын кітап – шеруің!

Күрмеуіңді шешкенім,
Жыр тұсауын кескенім
Мұхтар атта кие бар,
Болмасын сенің еш кемің!
Әумин!

Баян Тіленшина



Маратай бұл өмірде анам мен әкемнен кейінгі мен үшін барымда, нарымда, арымда себебі, мені жұрттар табанға салып таптағысы келсе, шыңға шығарып менің жыртысымды жыртып, менің мерейімді үстем қылған өмірдегі өкіндірген сәттерімнің барлығында, бір ауыз жылы сөзімен жанымды жадыратып, жүрегіме жылу ұялатқан көңілімде қайығы көзімде жас болғанда, мені қашанда әлдилеген мені анам сияқты өзінің ақ жүрегінің, әппақ төрінде әдемі өлеңі мен аялаған сыршыл да, сымбатты сұлу досым. Мараға ақындар әлемінің ең биік шыңы, ең асыл адамзат деген жүрегі қашанда жақсылыққа толы жан деген белгі қояр болса, қолымнан келсе мен қояр едім.

А.Жұмабекова
дәстүрлі әнші