Өмірдерек
Түркі әлемінің жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Мухтарова Марғуба Мухтарқызы 1972 жылы 21 мамырда ОҚО, Төлеби ауданы, Ұзынарық елді мекенінде дүниеге келген. 1998 жылы Көкшетау қаласындағы Ш. Уалиханов атындағы университеттің филология факультетін тәмамдаған. Сайрам аудандық «МӘРТӨБЕ» газеті редакторының орынбасары, «Бурабай» газетінің жауапты хатшысы, Бурабай аудандық қазақ тілі ұйымының төрайымы, Шымкент қаласындағы М.Өтеп атындағы өнер мектебі философия кафедрасының ұстазы қызметтерін атқарған. Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығындағы «Жас қаламгер: жазба жас ақындар» клубының жетекшісі. Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің поэзия сыныбының ұстазы. «Ұлағатты ұстаз», «Қазақстан патриоты», «Алтын жүрек», «Шебер ұстаз», «Халық қаһарманы» төсбелгілерімен, «Алаштың адал перзенті» дипломымен марапатталған. Көркемсөз оқу шебері. 600-ден аса халыққа таратылған өлеңдердің авторы. «Жалын» журналына әңгімелері жарияланып тұрады. ТАУ ҚЫЗЫМЫН кітабінің авторы.