Марғуба Мухтарова

Шығармашылығы


Марғұбаның өлеңдері терең ойға жетелейді, жан дүниенді тербейді, рухани азық береді. Туған жердің аңыз тарихы – Қырық қыз туралы өлеңі керемет. Өлеңін оқып отырғанда сол кезеңге жетелей көз алдыңа бар уақиғаны елестетеді. Сол таудың қасына барып келгендей әсер қалдырады. Шырағым Марғуба өнерін өрлеп, биік белестерден көрін, шығармашылық шабыт жүрегіңнен кетпесін. Аллаһ берген талабына нұр жаусын айналайын. Жүрегіңнен жарып шыққан әрбір өлеңдердің көкейге түйіп алар тәрбиелік мән жатыр. Ақ қағаз бетті өлеңдеріңмен өрнектеле берсін деп тілеймін.

Күлипа (Шарипа) Есімқызы Жұбаниязова
ҚР мәдениет қайраткері






Марғұба Мұхтар өлеңдерін тілге тірек етпей болмас «Өмір дастан», «Адастырма», «Бір тамшы ой», «Қырық қыз», өлеңдері адам бойында туған жерге туған елге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, туған жердің табиғаты туралы тереңірек біліп, жан дүниемізбен түсінуге мүмкіндік береді. Толысқан ақындардың бұндай тақырыпқа өлең арнаулары сирек кездеседі. Көбіне жас ақындар осындай өлеңдер жазады. Ол ақиық ақындарға еліктеушіліктен туған құбылыс. Өмірінің ылдиы басталған, өмірлікте, рухани да тәжірбиесі мол ақындар өздерінің ғұмыр сапарынан түйгендерін осылай өлеңге түсіруге құмар келеді. Бұл автордың осы тақырыптағы өлеңдеріңнен рухани тәжірбиесінің молдығы, пайымның тереңдігін байқасың. Өлеңдерінің ұйқасы жақын, стилдік құрылымның тұтастығы бар. Әр тармақта бір-бірімен қабысатын ойлардың бәрі тығыз байланыста. Бұл өлеңнің поэтикалық қуатын жетілдіреді. Өлеңнің жазылуының сөзсіз сыртқы себебі болуы керек. Ештеңе әсер етпейді, жәй қағаз, қалам алып, бір тақырыпты өлеңге айналдырудан поэзия тумайды. Оңай, қиналмай жазған шығарма қашанда арзан, бағасыз болады. Бірақ Марғұба әпкеміздің өлеңдерін оқып өте құнды, ішкі жан дүниесінен ақтарылып, мұнтаздай таза көңілінің пәктігін көрсете білгендігіне көзің жетеді. Әрбір өлеңі шынайы, өмірмен астастырып алынғандығы тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Әл әдеби шығарма қай кезде де шынайлығымен құнды.

Н.Ә.Сұлтанбеков
гуманитарлық ғылымдар магистрі






Мухтарова Марғұба ханымның, шығармашылығы қандай болмасын азаматты елең еткізбей коймайды. Себебі шығармалары терең жоғары талғаммен жазылған. Көркем образдар өмірдің шындығымен ұласып отырады жалпы адамдар арасындағы адами қарым-қатынасты қоршаған ортаны, табиғаттың сұлулығын, әсемдігін адам жанының әсемдігінің керемет бір шебер көз алдыңа алып келеді. Марғуба ханымның шығармалары жалпы оқырманға өте жақсы бір әсер қалдырып ойын шарықтатуға жақсы бір көркем әсемдікке, әдебиеттілікке, жақсылыққа тәрбиелейтіні анық. Әсірессе «Уатцап» деген өлеңі метофрадан құралса, «Бір тамшы ой» деген өлеңі адамдарды адалдыққа жетелейді және «Қырыққыз», «Мыңшейіт» деген оқиға желісіндегі өлеңдері тарихтың тағылымынан сыр шертеді. Осындай шығармалар өте көп болса біздің жалпы әдебиетіміз жоғары биік деңгейде көрінеді дегенге сенімдімін.

Е.С.Ауесбаев
ҚР мәдениет саласының үздігі,
Қазақстан театр қайраткерлері Одағының мүшесі.