Марғуба Мухтарова

Туындылары


ПРЕЗИДЕНТ

Қазақ қазақ болғалы,
Боданда болды, сорлады.
Ақтабан шұбырынды ше
Болмаған ешбір қолдауы.
Найзаларының ұшымен,
Білектерінің күшімен,
Сар бала, қара қазанды
Үлкен үмітпен қорғады.
КСРО келді дүрілдеп,
Заңы мен салты тым басқа.
Саясаты қандай, ой, қасқа!
Аштық та өтті басынан,
Талан – таражға салынды.
Дұшпаны көп боп досынан,
Ниетімізге қарай ма,
Жақсылық келді еліме,
Сақтап қалайық қалайда!

Сыйлады тағдыр бізге президентті,
Тұнғиықтан құтқарған темір қайық.
Мүмкін дархан қазақтың көңіліне,
Бейбіт өмір беріпті көріп лайық.

Жерім де, елім де бай, шүкір,шүкір,
Өзен сулар бір төбе Еділ, Жайық.
Мақтанамын елім мықты боп тұрғанда
Тәуекелге бел буған мен – жел қайық.