Өмірдерек
Әмзе Қалмырзаұлы 1953 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында туған. Шымкент педагогика институтының филология факультетін бітірген. Сарыағаш аудандық «Қызыл ту» (1983–1986), облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеттері (1986–1988) редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысаралық бөлімшесінде (1988–1989) әдеби кеңесші болды және жас ақын-жазушылардың республикалық «Игілік» қауымдастығының президенті (1989–1990), 1989 жылы тәуелсіз «Ақтолғай» газетінің, 1991 жылы қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз, түрікмен тілдеріндегі «Наурыз» газетінің редакторы, «Қасиет» баспасының төрағасы (1991) қызметтерін атқарды. Қазір «Қасиет» баспасында Бас редактор және директор қызметінде. 1983 жылы республикалық «Жігер» фестивалі лауреаттығын («Көкпар» өлеңі үшін), «Гүлдесте» поэмасы 1985 жылы Қазақстан Жазушылар одағының жабық бәйгесін, 1987 жылы Қазақстан Ленин комсомолы және Республикалық кітап саудасы істері жөніндегі комитеті мен «Жалын» баспасы бірігіп жариялаған жабық бәйгесін жеңіп алған. 1998 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық жас ақын-жазушылар кеңесіне Қазақстаннан делегат болып қатысқан. 1983 жылы өткен Республиалық шығармашылық жастардың «Жігер» фестивалы дипломанты, 2002 жылдан Әлемдік Манғолтанушылар ассоциациясының мүшесі Хамза Көктәнді – Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.
Ол әртүрлі деңгейдегі газет редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінде жұмыс істеді.
1989 жылы Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстан жас ақын-жазушыларының тәуелсіз «Игілік» ассоциациясын өмірге әкеліп, президенті болды. Сол жылы «Игілік! ассоциациясын құрылтайшылығымен тәуелсіз «Ақтолғай», ал 1991 жылы – қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз, түркімен тілдерінде 200 000 данамен жарыққа шыққан «Наурыз» газетінің өмірге келу идеясының авторы және редакторы. Қазақстанда тұңғыш жекеменшік кітаптар дүкенін ашты. Қазір сол ассоциация негізінде құрылған (1990) ЖШС ”Қасиет” баспасында бас редактор және директор қызметін атқарды.