Өмірдерек
Сарманбай Исақ 1952 жылы 5 мамырда Ордабасы ауданы, XXI партсьезд ұжымшары Қайтпас ауылында туған. Жоғары білімді агроном. 1988 жылы Алматы Ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен бері ауыл шаруашылығы саласында өз мамандығы бойынша еңбек етіп, кейін Бозарық ауылдық әкімшілігінде ауыл әкімі болды. Сондай – ақ, облыстық ақпарат және келісім басқармасында, қалалық әкімшілікте жауапты қызметтер атқарды. Қазір де Шымкент қалалық әкімшілігінде қызмет етеді. Сарманбай сурет, мүсін өнерімен мектепте жүргенде – ақ айналыса бастаған. Фантазиясы бай жігіт көркем шығармаларда жаза бастады. Оның шығармалары Ригада өткен КСРО Жазушыларының кеңесінде жоғары бағаға ие болды.Ол Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қарауылбек Қазиев атындағы сыйлықтың иегері. 2008 жылдың Ең үздік жазушысы. Профессор академик, жазушы-фантаст. Халықаралық Ресей Психологиялық ғылым академиясының құрметті академигі, Михаил Шолохов «Элита» медальдарының «Жыл лауреаты»сыйлығының иегері.
Фантаст – жазушының «Жер ұйыққа саяхат», «Қызыл сәуле», «Сенсация века», «Үрей жайлаған дала», «Құмар» т.б. кітаптары жарыққа шыққан.