Сарманбай Исақ

Лебіз


Біз «фантастика» деген сөзді естігенде, ең алдымен, ойымызға жұлдызаралық әлем, жатпланеталықтардың кемесі және басқа да ғарыштық кереметтер оралатыны хақ. Алайда, фантастиканың көзге түсе бермейтін, бірақ туған өлкеңнің бүгінгі көкейкесті мәселерін қамтитын, соны шешуге бағытталған басқа да түрлері бар. Мұнда автордың туған жердің тағдырына, ондағы адамдардың өміріне алаңдаушылығы мен жаны ауыратыны айқын байқалады. Міне, жас фантаст – жазушы Сарманбай Исақ осы бағытта жұмыс істеп келеді. Оның «құпия аппарат» атты әңгімесінде қатер төндіріп келе жатқан экологиялық кесапаттан туған өлкесін құтқару, егістік алқаптары мен өзендердің қазіргі жағдайына алаңдаған адамдарға көмектесу мақсатын көздейді.
Мамандығы агроном болғандықтан ол жерге аялап қарау керектігін өзгелерге қарағанда ерекше сезінеді, сондықтан да жанын ауыртқан жайды көтеріп, отыр. Тек жаныңды ауыртқан сезімдер ғана көркем шығармаға айнала алады. Егер бұл туынды фантастикалық жанрда жазылса, ол оқырмандар қызығушылығын арттыруы әбден мүмкін.

Степан ЗАЛЕВСКИЙ
СССР Жзушылар одағының мүшесі
28 қаңтар, 1989 жыл