Санжар Ғұлама

Өмірдерек


ҚР журналистер одағының мүшесі, ақын, ұстаз - Санжар Ғұлама 1988 жылдың 16 мамыр айында Сауран ауданы, Шорнақ ауылында дүниеге келген. 2005 жылы мектеп қабырғасын бітіріп, Түркістандағы Халықаралық Ясауи атындағы қазақ-түрік мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2009 жылы жоғары оқу орнынан ағылшын-түрік тілі мамандығын алып шығып, дереу қызметке орналасып, мәртебелі маман иесі атанып та үлгерді.
2010-2015 жылдар арасында сырттай тілші болып жұмыс жасаған. Жас ақын туындысын небәрі 3 сыныпта жазып бастаған, ақындығымен биік шыңға өрлеген Санжар өлеңдері махаббат лирикасын, елдік пен азаматтық рухтарын, асыл аналар туралы ойларын, қоғамдағы өзекті өткір мәселе тұстарын қозғайды. Көпшілікке өлеңдері, ақындығы əлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы танылған. Әлеуметтік желіде белсенді жас ақын Санжар Ғұлама туындыларын оқырмандары таласа-тармаса оқып, үздіксіз таңғажайып пікір қалдыруда, жүз деген көркемсөз шеберлері Құрманай Бақтиярқызы, Қуат Ахметжанов, Жәнібек Әсімжан, Әлия Шектібайқызы, Айгүл Есмурзина т.б өлеңдерін оқып, поэзияның жілігін шағатын ақын екендігін дәлелдеуде. Және де Санжардың өлеңіне жазылған композитор Құралай Сәтмұхамбетованың «Әке» ; «Біздің елдің жігіттері» әндері орындалып жүр. Бүгінгі таңда Түркістандағы Ата түрік гимназияда ағылшын тілі мұғалімі. Өз білімімен, өз талабымен, өз талантымен танылып жүрген ақын. Оның 2010 жылы «Тылсым дүние қасиеті» тақырыбында аударма кітабы жарық көрген. 2010 ж Кентау қаласында «Махаббат жүректерге нәр береді» республикалық қаламгерлер байқауының бірінші орын иегері, 2019 ж «Ата-анаға құрмет ұрпақ алдындағы міндет» республикалық байқауының жеңімпазы. Оның 2015 жылы «Айтыңдаршы, осы мен қандай жанмын?» тақырыбында жеке шығармашылық кеші өтті. Көбіне «Ана» тақырыбына қалам тербейтін жас ақын кезінде «Алаңдама, апа сен, алаңдама» өлеңі арқылы өзі өлім мен өмір арасында жатып, анасына рухани күш бергенін жиі тілге тиек етеді. 2021 жылы Ұлы дала елі орталығында «Сіз жақсы адамсыз» атты Республикалық шығармашылық кеші өтті.
Санжар отбасындағы ұлттық құндылық пен тәрбиені тереңнен толғай білетін, жүрегі ізгілік пен иманға толы, барша адамзат баласын құшағына сыйдырғандай, қылдай қиянаты жоқ, ақ тілеулі ақын. Оның өлеңдері оқырманға кешкі жұпар самалдың лебіндей әсер етті. Жасандылығы жоқ нағыз шынайы таланттан туған шығармаларды тыңдаудың өзі бір ғанибет.

ЖЕТІСТІКТЕРІ

Министірлік тарапынан алынған Ы. Алтынсарин төсбелгісі; «Қазақстанның ұлағатты ұстазы»; «Шығармашыл, тəжірибелі ұстаз»; Төсбелгілерінің иегері.