Есенқара Ханбибі

Туындылары


Альбомдағы суреттер..

Көне альбом, жаңа альбом, альбомдар,
Өмірдегі көріністі жалғаңдар !
Көне сурет, жаңа сурет, суреттер,
Альбом тозып, сендер жетім қалмаңдар !

Мына сурет – мен балапан кездегі,
Ал мынада – от па, шоқ па көздегі ?
Мына жерде – таразыны тең басқан, -
Бой жету мен жастық шақтың безбені !

Бірде – күлген, бірде – ойланып, мұңайып,
Мұны – альбомның беттері деп ұғайық.
Өзқарастар, көзқарастар, қарастар,
Өткеніңе тағар дейсің кім айып ?!

Мына жерде – ғұламаға ұқсаймын,
Мына жерде – гүл – анаға ұқсаймын,
Мына жерде – қатар тұрмын патшамен.
Мына жерде – томағалы құстаймын !

Сәтті – сәтсіз өміріңнен құралған,
Тіршілікте – таусылмайтын ұлы арман.
Менің бүкіл тарихымды сыйғызып,
Жат көздерден жасырады, бұл альбом !

Сурет көп қой, көп қой сурет біздерде,
Аллаға аян,табылар жұрт іздерге,
Қайсы сурет, сусып түсіп альбомнан,
Соңғы күні қарайды екен Сіздерге ?!