Туындылары
Қайран Баян, қайран Жібек, Еңлігім,
Зар заманда ала алмаған теңдігін.
Дәлелдеп-ақ, кеттіңдер ғой,арулар,
Дүниенің – бірі қалыс , кемдігін !
Қозы-Көрпеш, Ер Кебек пен Төлеген,
Жүректерің тап-таза еді не деген ?!
Дар алдында тайсалдырмай, демеген.
Махаббаттың күші екен ғой жебеген !
Кері айналып,доңғалағы заманның,
Дегендері болып жатыр адамның.
Бай да оралды, керуенді көшімен,
Таз кепешін киіп басқа,наданның !
Керуенде байлығы бар әлемнің,
Төсегі бар,өсегі бар әр елдің.
Көп етектің дәмін татқан бозбала...
Мұнда тағы қыздары көп гаремнің !..
Баян сұлу, Қызжібегім, Еңлігім,
Сендерді ойлап , күрсінемін мен бүгін.
Махаббатсыз, ар – ұятсыз, имансыз,
Басқа ұрам ба, заманымның кеңдігін !