Есенқара Ханбибі

Туындылары


Жыр додада – шоғырланған, тайпалған,
Озбасам да, сол дүбірде бармын мен.
Кеудемдегі көк теңіздің шайқалған,
Тамшысына бұл күндері зармын мен!

Жол таппады, көзсіз – көбім – сағырым,
Күннін кешіп қайраңдағы балықтың.
Ұғына алмай дербестіктің қадірін,
Ұқтырмады қатар келген нарық бұл!

Бәрі-бәрі жекеленген заманда,
Бірін бірі жетелеген заманда.
Құнсызданған ақшасындай Кеңестің,
Құның жоқ деп айту қиын адамға!

Асау тұрмыс – салып тізе, бөктерге,
Күн кешуде салмай назар жақынға.
Ғажап екен бейімделгіш бектерге,
Азап екен айтары бар ақынға!

Көңіл көзі керек мұны көруге –
Жоқ, қайыршы! Бар алақан жайғандар!
Бүгінгі өмір – атпай, аспай өлу де,
Бүгінгі өмір – мылтығы жоқ майдандар!