Туындылары
Теңіздерге атын берген арықтың,
Бишікештер мінезіне қанықпын.
Кеудесінде оты жанған тамұқтың –
Қызыл өмір,
Қызығыңнан жалықтым.
Жылтырақ сөз, жалыны жоқ, кештерден,
Сырты сұлу , іші алапестерден.
Жалықтым мен ,аяғы бар , басы жоқ,
Бәсекелестерден.
У – шуынан сұр қаланың жалықтым,
Өзімді емес,өзгені ойлап, қамықтым.
Қамын жедім, қорғансыздау халықтың,
Бұл да бірі – белгілі, бес анықтың.
Өзіме аян , бойымдағы бес қару-
Бала,
Жарым,
Қоғамдағы ой - әнім.
Талант... және бір кездегі – есті Ару
Осы менің өмірдерек – баяным.
Берсем – бердім. Алғаным жоқ ешкімнен,
Қадірімді білетіндер – кеш білген...
Ырду – дырду, өмір көші, не дейсің,
Жапандағы жалғыз үйге көштім мен !?