Туындылары
Көрсең – көркем емеспін,
Сүйсең – еркең емеспін.
Сен – анықсың, шындықсың,
Мен – жәй, пері, елеспін !
Ақылымнан безіппін,
Адасқанмын, сезіппін.
Қалай ғана тез ұқтым ?
Қайдан ғана кезіктің ?!
Қанжар – көзді лақтырдың,
Лақтырғанды жақтырдым.
Сен аржаққа өттің де,
Мен бержақта қап тұрмын.
Бұзған көңіл тынышын,
Көп пенденің бірісің.
Бола білу сүйікті –
Сүйе білу ұлы сын !