Есенқара Ханбибі

Туындылары


Алғашқы махаббатым.

Өткен күн сағымдары,
Қайғысын мол ұқтырды.
Өмірдің ағымдары,
Біздерді жолықтырды.

Айласыз, жас шағымда,
Аяусыз сілкіп еді.
Көңілімнің аспанында,
Найзағай күркіреді.

Үдеріп, ығып едім,
Найзағай оттарынан.
Гүлдеп-ақ шығып едім,
Тағдырдың қатпарынан.

Күркірден секем алып,
Сен едің ғайып болған.
Тазалық – етене анық,
Мен едім айыпталған.

Табы бар бетіңде оттың,
Қажетсіз атақ – атың.
Сен маған неге соқтың,
Мүгедек махаббатым !

Мақсатым - сырқау менің,
Біткенше ақыр лебім.
Сен әлі мылқау ма едің,
Алғашқы махаббатым !??