Есенқара Ханбибі

Туындылары


Сәске ауды. Түс те өтті. Кешім жақын.
Жалт болды. Жарқыраған қосымда күн.
Сылқым қыз, сері жігіт... бірі де жоқ,
Қалды деп алаңдаймын қасымда кім?

Жырларым кетті ұшып иесіне,
Қыздарым жетті құшып, киесіне.
Мау тартып, жарым да жоқ,.. тек жалғыздық,
Ақынның маңдайына тиесі ме ?

Сезімнің шайқалатын сабасынан,
Көзімнің мен қорқамын қарасынан.
Шығыршық, шыр айналған дүниенің,
Ілінген қармағына сағасынан...

Өлеңге мұң төгемін. Өшіремін,
Өшірем де, қайтадан көшіремін.
Тәтті уы тамсандырған бұл өмірдің,
Алдампаз, мен тағайын, несіне мін ?!

Бой берме ! Ей, ақыным өкінішке,
Шалдырма ! Шалқая біл шетін іске.
Ең жаман күніңді де көре алмайтын,
Біреулер күтіп жатыр бекіністе !