Туындылары
Ғажап еді...
( Әселханға )
Кімнен алам тағылымды,
Кімге берем тағылымды ?
Бағаламай үлкендерің,
Кіші білмес қадыріңді.
Ғажап еді өмір неткен,
Азап еді , өмір неткен.
Кейінгіні ынжық қылып,
Алдағының мөрі кеткен.
Көшіне еріп сағымдардың,
Көбін көрдім ағындардың.
Сөнбей қалған шоғын қайттым,
Кеудемдегі жалындардың ?
Ары жүрдім, бері жүрдім,
Кейде ілгері... кері жүрдім.
Елім жоқтау айтпасын деп,
Көніме еріп әлі жүрмін...