Өмірдерек
Жазушы, әдебиет сыншысы, түрколог ғалым, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Парасат» орденінің, ҚР Президентінің стипендиясының иегері Қ.Ергөбек 1952 жылы 26 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданындағы Ақынтоғай ауылында, шопан отбасында дүниеге келген. Алты жасында əкеден жетім қалды. Балтакөл елді мекенінде мектепке барды. Күйікасарда (Түркістан ауданы), Арыс қаласында оқуын жалғады. 8 сыныпты Арыс кеңшарында, орта мектепті Отырар ауданында аяқтады. Аудандағы Жамбыл атындағы орта мектепті бітірген соң, 1970-1975 жылдары Əл-Фараби /С.М.Киров/ атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін оқып, аяқтайды.
БІЛІМІ
• ҚазМУ-ды бітірген (1975).
• 1975 – 1978 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиутутында, Республикалық Халық шығармашылық үйінде, С.Мұқанов мұражай-үйінде аға ғылыми қызметкер болған.
• 1991 жылы «Адасқандар» романының шығармашылық тарихы» атты тақырыпта кандидаттық.
• 1995 жылы «С.Мұқановтың шығармашылық шеберханасы» деп аталатын тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ
1975-1976 жылдары Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға лаборант;
1976 жылы республикалық Халық шығармашылығы үйінде методист;
1976-1978 жылдары С.Мұқанов мұражай үйінде ғылыми қызметкер;
1978-1980 жылдары «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеті әдебиет және өнер бөлімінде тілші;
1980-1987 жылдары ғылым бөлімінің меңгерушісі;
1987-1990 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті әдебиет және өнер бөлімінде тілші;
1990-1992 жылдары ҚР ҰҒА-ның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызметкер, «Ақиқат» журналында тілші, бөлім меңгерушісі, консерваторияда оқытушы;
1992-1997 жылдары Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде доцент, профессор, «Қазақ әдебиеті», «Түрік халықтары әдебиеті» кафедраларының меңгерушісі, тарих-филология факультетінің деканы, ректордың ғылыми істері жөніндегі проректоры болып қызмет істеді;
1996-1999 жылдары ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында бас ғылыми қызметкер, қазіргі әдебиет бөлімінің меңгерушісі;
1999 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі аппараты жетекшісінің орынбасары, Түркістан қаласы әкімінің руханият мәселелері жөніндегі орынбасары;
1999-2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімі аппараты бастығының қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі орынбасары, облыс әкімі кеңесшісі болып қызмет атқарды. Түркістан қаласында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті – ҚР Білім және Ғылым министрі өкілі қызметін атқаруда.
Қазіргі таңда Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті кеңесшісі, қазақ филологиясы кафедрасының профессоры.
ЖЕТІСТІКТЕРІ
«Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Парасат» орденінің, ҚР Президентінің стипендиясының иегері. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Гуманитарлық Ғылымдар академиясының, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі.