Санжар Ғұлама

Туындылары


СЫРТЫМНАН ТОН ПІШЕТІН ДОСТАРЫМ – АЙ!

Сыртымнан тон пішетін достарым-ай,
Жалғанға жаны құмар,
Жоспары бай.
Тұманды тағдырыма тіл тигізіп,
Күнәмді арқалама босқа бұлай.
Ашқаннан Өмірге кеп көзімді мен,
Басымнан не өткенін өзім білем.
Шарқ ұрып жүргенімде,
Шалыс басқан,
Менің де болған шығар кезім бірен.
Сол үшін жазғырмашы жас жанымды,
Сынға ап менің шалыс басқанымды.
Періште болу маған бұйырмаса,
Өткерем пенде болып қас-қағымды.
Айтарсың мен жайында бес күн әнді,
Сейілтер ойың да жоқ еш күмәнді.
Мен кештім сонда дағы бәрін-бәрін,
Ия, Аллам, Сен де менің кеш күнәмді
Сыртымнан тон пішетін достарым-ай,
Жалғанға жаны құмар,
Жоспары бай.
Тұманды тағдырыма тіл тигізіп,
Күнәмді арқалама босқа бұлай.