Ерсін Қойбағарұлы

Туындылары


Ж¥ЛДЫЗДЫ ТҮН


Мәкірді ауылдағылар "неміс" атайтын. Соғыс кезінде хабар-ошарсыз кетіп, содан елу төртінші жылы елге бірақ оралған оның оғаштау мінезі ешкімге түсініксіз.
Келе колхоздың тыныс-тіршілігіне белді бекем буып, білекті сыбана кірісіп кеткен Мәкір үлкеннің де, кішінің де айтқанын екі етпей, таңның атысы, күннің батысы бір тыным таппайтын. "Анау қиын, мынауың қолымнан келмейді" — дегенді білмеуші еді.
Сөзге тым сараң. Кейде бірдеңеге кейіпенде өзіне-өзі күбірлеп, немісше сейлейтін. Өзіне "неміс" қосымша атының қойылуына бірден бір себеп осы қылығы. "Неміс" дегенде: "Немене, менің өз атым жоқ па?!" — деп таре кетсе, бұған ешкім де қарсы келмес еді. Тіпті, Мәке, — деп сыйлар да, ол өйтпеді, бірақ. О баста ауылға келгенде-ақ өзін кінәлідей сезінгендіктен, ешкімнің бетіне қарсы келген жоқ.
Осындай момын Мәкірдің, әсіресе, әділетсіздік пен оз-бырлықты көргенде қатты ашуға булығатынын ауылдагылар алғаш рет жүмыс басында керді.
Колхоз бастығы Жаппар әлденеге ашуланып, мақта теріміндегі Рәфияны қамшымен аркадан тартып-тартып жіберген. Әйелдің бажылдай жылаған даусы мен Жаппардың айқайы қатар шықты. Қырман басында мақтаны қанарлап жүрген Мәкір мына екеуіне аңырай қарап қалған-ды. Ендігі бір сәтте Жаппар Рәфияға қамшысын қайта ала жүгірді.
Рәфия жылай сөйлеп, қырманға қарай қаша жөнелді.
Басқалардың бәрі ауыздарын ашып, сілейіп түрғанда, Мәкір әлдене деп немістің сөздерін балдырлай айтқан бойда тура жүгіріп барды да, ай-шайға қарамастан, Жаппардың қолын артына қайырып, қамшысын тартып алды. Мәкірдің күшін байқаған Жаппар онымен қайта алыса кетуге жүрексінді.
Өзін осы ауылдағы белді де беделді кісі санайтын Жаппар сөзін де, күшін де қол астындагылардың кай-кайсысына да өткізе білетін. Дәл осы жерде бүрынғы әйелі Рәфияны қамшымен бір-екі рет "түрткені" үшін бүның қолын ешкім артына қайырып, қамшысын тартып алмас еді. Жаппар Рәфияны ұрдым деп ойлап тұрған жоқ. Бұрын да осылай жұмыс басында қол жұмсағаны барды. Онда жұрт жиылып келіп, мұны ұстап, бірі: "Жапеке", бірі: "Басеке", — деп жалбақтасып, Жаппардың ашуын басқан. Мынадай істі күтпеген еді ол. Қап, мына есерсоқ итті-ай, ә! Не деген сорақылық, мас-қаралық! Жаңа мына тыриған неменің күші басым түспегенде, қамшыны қолынан жүлып алып, өзін де тартып-тартып жіберер еді.
— Маған қол көтеретін сен кім едің, келген жағыңа қайта қүртып жіберейін бе, фашист! Кімге қол көтергеніңді білесің бе?! Сен жауға сатылып кеткенде, мен осы елді бақтым! Саған жақсылап түсіндіру керек екен менің кім екенімді! — деді Жаппар зілді.
— Сен баққан жоқсың елді, бұлар сені бақты. — Мәкір қамшыны Жаппардың аяқ астына лақтырып жіберіп, немісше балдырлап сөйлеп, бұрылып жүре берді.
— Сатқын! Немістің қүйыршығы!
Жаппар жүйек басындағы арқандаулы атына қарай аяғын сылти аяңдады.
Мәкір жұмыс істеп жүріп те біраз уақытқа дейін өзіне-өзі немісше сөйлеумен болды, Маңайындағылардың бірінің де сөзі қүлағына кірген жоқ.
Рәфия да, басқалар да Мәкірдің адалдықты ұнататынын, озбырлықты жек көретінін бұрыннан білуші еді, Бірақ, бұлай тым қатты ашуланатынын тұңғыш көрді.
— Байғүс, немістің тұтқынында қорлықты әбден бастан өткізіп, делқүлы болып қалған ғой, — деді әйелдердің бірі.
— Әлденеше рет контузия алған деседі, содан шығар, - деді екіншісі.
— Немісше сыбап жатыр ғой басекеңді. Әке-шешесінен түк қалдырмады-ау, — деп жырқ-жырқ күлді бірі.
Рәфия соңғы сөйлеген әйелді жақтырмай, алая қарады. Анау тына қалды.
Немісше былдырлан, мақта қанарлап жүрген Мәкірді аяп кеткен Рөфия: "Байғұс, маған арашаға түсемін деп, онсыз да мәз емес көңілің бүзылды-ау", — деп ойлады, Есіне Мәкірдің әйелі Жанар түсті. Жанар десе, Жанар еді. Екі көзі жанып, үшқын шашатын. Соғыс біткен соң да қырық үшінші жылдан хабар-ошарсыз Мәкірді төрт жыл күткен ол үмітін үзіп, басқа ауылға күйеуге шығып кетті.
Мсжірдін карт шешесі баласы келерден үш-ак ай бүрын дүние салды. "Күнім-ай, қай жерлерде, кай бүтаның түбінде қалдың?" - деп кемпірдің күніреніп отырғанын Рәфия әлденеше рет естіген. Баласын көруді тағдыр бүйыртпаған екен де. Сонау бір сүрапылдан үшты-күйлі жок Мэкір аяқ астынан келіп, ескі отауының түтінін түтетті.
"Әйелінін баска күйеуге шығыи кеткенін, шешесінің осыдан аз бүрын қайтыс болғанын естірткенімізде, немісше бірдемелерді былдырлап, жылаумен отырды", — десетін ауылдағылар.
Рәфия Мәкірді бозбала кезінен біледі, Ол бүрын мынадай арык, қатпа емес, дембелше, толық-тын. Мойыны басымен түтасып біткендей жуанды. Адамға рең беретін қас пен көз ғой. Мәкірде мандыған кас та жоқ. Әйтеуір, ұсақ талшықтар бар-сымақ. Жүдырықтай қоңқақ мүрыны үстіңгі ерніне төне дөңкиген. Бейне суға төнген жарқабак дерсің.
Мәкірді жеңгелері "Шоң мұрын қайным" — деп әзілдейтін. Орта ғана бойы бар "Шоң мүрынның" бойындағы күш жойкын еді. Ауылдагы бірде-бір еркек бүнымен күш таластыра алмайтын.
Мәкір кеп күйді қүйқылжытып шертетін. Жойқын күшке ие еткен жаратылысы оған мандытып көрік бермеген. Күйшілік өнерді мол сыйлай тұра, ән салатын дауыстан тағы жұрдай кылған. Осылайша кеңшілік таршылықпен бірдей түсіп жатқандай.
— Күйді жақсы тартасың, бірак, ән айтуға жоқсың, — деді бір отырыста Рәфия.
— Күй мен болайын, ән сен болсайшы, — деп әзілдеді Мәкір.
— Күйді жақсы тартсаң да, қыздарға қырың жоқ жігітсің гой, қайным-ау. Әйтпесе, осы уақытқа дейін домбыраңа әуен тауып алмас па едің, — деді жеңгелерінің бірі күрсініп.
Бірнеше күннен кейін Мәкір әлгі жеңгесі арқылы Рәфияға сөз салды. "Өні жылусыз", — деп, ол Мәкірді үнатпайтынын айтты.
Рәфия осылай жылусыз Мәкірді ұнатпай, жеңгелері "Өң-ді жігіт" атайтын Жаппарды сүйді. Бір аяғының мүкістігі бар демесе, сүйіктісінің оңінен де, мінезінен де басқа мін тапқан жоқ.
Екеуінің бір-бірімен сөздері жарасып, көп кешікпей тойлары болды. Осы тойда ғана Рәфия Мәкірдің ән айтқанын алғаш рет керіп, өз құлағымен естіді. "Бөктергіге қор бол-ып ба-ра-а-сың-ау, е-ер-ке-ем, қа-рын-да-сым, е-енді есен-н бо-ол-а-а-ау", — деп барқыраған жуан даусымен "Сырымбетті" шырқаған еді Мәкір.
Бірер жылдан кейін Мәкір Жанарға үйленді де, сол жылы жазда соғыс басталып, елдің басқа жігіттерімен бірге әскерге атганды. Ал, Жаппар бұрынырақта сынып, каэір сылтып басатын аягының себебімен оскерге бармай қалды.
Тұрмыска шыққан соң, екі жылдан кейін ғана қүрсак көтеріп, Болатбегі дүниеге келген Рәфия езін онша бақыт-сызға есептемейтін. Басқа ойелдердей емес. мұның күйеуі өзімен бірге. Тұрмыстары да, Құдайға шүкір, езгелердікімен салыстырғанда анау айтқан жаман емес. Оның үстіне, елде бас көтеретін адам қалмаған соң, Жаппар колхозға баскарма сайланды.
Алайда, Рофияның нешенесіне күйеулерін соғысқа аттандырған басқа әйелдерден бақыттылау болу жазылмапты. Өзінің сүйікті Жаппары бастық атанған соң бірер айдан кейін-ақ мінез көрсете бастады. Кез-келген ұсақ-түйек үшін кейіп, бүның істеген ісі мен пісірген асын үнатпауды шығар-ды. Ақыры бүлар ажырасып, Жаппар он сегіз жасар Гүлзар қызға үйленіп тынды.
Осыдап соң Рәфия күйеуге шыққан жоқ. Болатбегі, шешесі үшеуі бір үйде түра берді. Жаппардан ажырасқан жы¬лы экесінен қара қағаз келді.
Рас, бірен-саран сез салғандар кездесті. Ешқайсысына да түрмысқа шығуға келіскен жоқ Рәфия. Еркек атаулының бәрі оған Жапнардай опасыз, Жаппардай көрсеқызар көрінді.
Жаппарға деген ашу мен ыза Рәфияның өйелдік сезімін түншықтырып, көкірегін тіліілеп, жүрегіне мүз бон қатып қалғанына қанша жыл өтті. Болатбегі де он екіге келді биыл. Ел тыныштық қой, ертең-ақ ер жетер. Мұны ешкімге қор етпес. Ерге жарытпаған Құдай баланың, келіннің, немеренің қызығын бұйыртса да шүкір...
Сөйтіп жүрген Рәфияның өткенде бірдеңеге аздап іші елжірегендей.
Мажар арбаға мақта толтырылған қанарларды: "Бір-екі. Ал, көтердік!" — деп тиеи жатқан жүкшілердің ішінде Мәкір де бар-тын. Жүмысқа жан-тәнімен берілген ол көйлегін шешіп, үюлі мақтаның үстіне лақтырып жіберген. Арқасына көзі тү'скен Рәфия мен жанындағы қүрбысы бейне бір түрі сүсты шүбар жыланды көргендей: "Аһ!" — десіп, демдерін іштеріне тартқан күйде сілейісіп қалды.
Мәкірдің жалаңаш арқасы түтасымен жолақ-жолақ, айқыш-үйқыш бедерлерге толы, адам шошырлық еді. Бейне бір жыртылған жердей дерсің.
Мәкір "Аһ!" ұрған екі әйелге жалт қарады да, ештеңе болмағандай, жәймен бұрылып, жүмысын істей берді.
— Соғыстан аяғы жоқ, қолы жоқ, денелері тыртық боп келгендерді көріп ем, бірақ, мынадай арқаны көрген емесиіи, — деді Рофияға кұрбысы. — Тірідей сойған екен-ау байғұсты.
— Ерен күштің бәрін неміске беріп, күр сүлдесі келіп отыр ғой. Басқа біреу болса, мына соккыіа шыдай алмай. Әлдеқашан жан тәсілім етер еді, — деді Рәфия.
Аяқ-қолы кісендеулі күйінде еденде кинальш жатқаи Мәкір елестеді кезіне. Сақал-мүрты өскен. Беті, басы, көзі-нін айналасы кекпеңбек ісік. Төбесінен төшен фашист бүй-ірден етікпен теуіп қойып, темір шыпжырмем арқадан осып жатыр, осып жатыр, Ол үрган сайын денесіп қинала қозғаған Мәкір басын аздап көтереді де, бетін тас еденге қайта басады. Бір кезде Мәкірдің жер сүзген басы қайта көтерілген жоқ. Жаланаш дене жаны кеткендей қозгалыссыз. Шынжыр кам-шы шыж-шыж етісі ауаны тіле Мәкірдің қанға боялған арқасына шып-шып тиіп жатыр...
Рәфия көзіне жас алды. Бір сәт он сегіз жасар Гүлзардын жанында күлімсірен, кара көзін қысып, жіңішке қара мүртын ширатып қойып, мәз, жаңа зайыбымен бақытқа бөленіп отырған Жаппарды есіне алды. "Малғүн, бүны қинап жат-қанда, ол қимасының жанында қиылып отырды-ау".
Өзі үнатып түрмысқа шыққан еңді жігііі сол бір ауылда ерлер қат жылдары өңін көп өзгертті. Гүлзарға күйеу, кол-хозға білдей бастық боп жүріп те не істемеді ол? Сірә, өңді еркектердің жолы әрқашан да оңды бола берсе керек. Гүлзар күйеуінің қылтың-сыліың жүрісін есітіи, от басында шу шы-ғарса, оны Жаппар Рәфиядан көретін. Бірде кешқүрым Рәфияның үйіне келіп:
— Сен сайқал, менің жүріс-түрысымды бақылауды қоймасаң, өзіңді де, шешеңді де бір түнде қүртыи жіберем! — деп қоқаңдаған.
— "Үрының арты қуыс" деген. Ұрлығың ашылып қалған соң, менен көріп отырсың ба?! Бәрібір көптің аузына қақпақ бола алмайсың! Әкіреңдемей, әрмен жүр! — деп бүл да қатты айтты.
Одан бері де "менен қалғансын," деп қанша қоқан-лоққы жасамады ол, Әлгіндегісі де сол — мықтысынғаны. Мәкір қамшысын тартып алды да қойды. Әттең, Рәфияның жан-ашыр жақыны болып: "сабаган олай емес, бүлай!" — деп, өзін көкала қойдай етер ме еді!...
Мәкір әлі балдырлап, немісше сөйлеп, жүмысын істеп жүр. Оған мән беріп: "Қой енді", — дейтін басқалар жоқ.
Өткенде Мәкірдің тілім-тілім боп біткен арқасын көр-гендегі Рәфияның ішін елжіреткен жылы леп аяныш сезімі еді. Енді сол сезім мүның түла бойына тарап бара жатқандай.
Бір кездегі ерен күш иесінің енді өзіне "неміс" деп лақап ат қойдырған мына күйін көріл аяса, оньхң бір өзі бір уйде түратынын ойлап жэне мүсіркей түсті. Мәкірдің іскерлігі мен адалдығын үнатып та қалды.
"Байғүс, сонша қатты күйзелдің-ау. Сенің жаныңды об-ден азапқа салғанша, менін тәніме және бір-екі қамшы артық тисе, ештеңе етпес еді ғой", — деп ойлады. Мәкірдің жанына барып, киыла: "Қойшы енді, ашуланбашы, күйзелмеші, киналмашы соншама" — дегісі келді. Айналадагы кісілерден үялды.
"Кейде әйел еркекті оның бойындағы кемістігі үшін де сүйеді" — деген екен бір данышпан. Рэфияныц еркекке деген әйелдік сезімі кайта оянып, бозбала күніндегісінен әлдеқайда үсқынсыз, мінезі ешкімге түсініксіз, тыриган арық, қатпа қара Мәкірді үнатты. Тілі енді шығып келе жатқан сәбидің түсініксіз сөздері, ебетейсіз қимылдары, кездейсоқ қылық-тары әуесіңді келтіріп, қызықтыра түсетіні сияқты Мәкірдің мына түйық мінезі, оғаш қылықтары оған деген Рәфияның құштарлығын арттыра берді.

* * *


Кешкі апақ-сапақта Мәкірдің үйіне келген Рофия есігі-нің алдындағы діңі шіріп, қүлаған талдың устінде жалғыз отырған оның қимылы мен сөзінен ыңғайсызданып қалғанын байқады. Ол Рәфияны көрген заматта орнынан үшып түрды. Күндіз көрсе де, түтыға қайта амандасгы, Содан кейін үйіне қарай бір-екі қадам аттады да, кайта Рәфияның касына келіп, "отыр" деген ишарат жасады.
Рәфияның жанына жайғасқан Мәкір біраз үнсіздіктен соң, өзіне-өзі бірдеңе деп күбірледі.
— Бірдеңе дедің бе, Мәкір?
— Жоқ, саған сөйлегем жок.
— Мен үйіңе келіп отырмын ғой, неге үндемейсің?
— Сен сейле.
— Саған рақмет айтайын деп келдім, Жаппардың қамшы-сынан қүтқардың ғой мана. Ауылға оралғалы бері біздің үй-ден дәм татқан жоқсың. Алыстан келген кісіні үйге шақы-рып, дәм ауыз тигізу осы елдің ежелгі дәстүрі екенін де үмытқан жоқ шығарсың. Кәне, жүр!
— Үйіңде кімдер бар?
— Шешем Болатбекті альш "Арайдағы" бөлеміздікіне кетті. Үйде екеумізден басқа ешкім де болмайды.
Үйге келген соң Рәфия дастарқан жасай жүріп, әңгіме бас-тады, Ойы — Мәкірдің көңіліне қаяу түсірмей, оны мүмкін-дігінше көбірек сөйлету, көрген-білгендерін есітіп, сырын үғу.
—Мәкір, сен ашулансаң, неге осы немісшелеп кетесің?
— Е, Рәфия, мен сөйлегісі келіп сөйлейді дейсін бе?
— Енді ше?
— Менің шеккен азабымды ешкімге де бермей-ақ кой-сын. Сонша тауқыметті бастан кешіп, елге мүкіс болып оралып, "Немістін құйыршығы", "Фашист" дегён сөздерді өзімнің туған ауылымның адамдарынан естігенше, кешегі согыс-тагы боздақтардай өліп-ақ қалғаным артық екен.
Мәкір әдеттегісінше немісше сөйлеп кетті. Мұңайтып алғанына өкінген Рәфия:
— Қойшы енді, қиналмашы! — деді жалынышты үнмен.
— Мен сөйлегісі келіп сөйлейді дейсің бе немісше? Ма-ғаң түтқында жүргенде жындандырып, қияли етіп барып, қайта сауықтыратын қаншама төжірибелер жасалды. Мендей-лердің қаншасы бір-екі тәжірибенің өзіне төтеп бере алмай, өліп кетті. Денсаулығымның мықтылығынан, әйтеуір, тірі жүрдім. Өзіммен-өзім сөйлесіп кетуім жан азабын кеп тарт-қандықтан шығар.
Мәкір үнсіз қалды. "Ой, байғүс-ай" — деп ойлаған Рәфия әңгіменің тақырыбын өзгертті:
— Қой енді, алдыңдағыны ал, — деді Рәфия Мәкірдің кідірген сәтін пайдаланып.
— Сен де котерсей стақанды. Ештеңе ішпей отырсың ғой.
— Бұрын татқан затым емес.
— Сонда да болса, аздап... Бөтен ешкім жоқ қой.
Енді біраздан соң Мәкір шаш тарайтын тарақтың сырты-на оның көлеміндей ғана қағазды беттестіріп, ернімен обіп, Рәфияға түсініксіз әуендерді ыңылдады. Содан соң "Идтер-националдың" өуеніне басты. Бүл сәтте бетіне қан жүгіріп, әуелдегі мүңлы жанары ойнақшып шыға келді.
Рөфияның да бірте-бірте қызуы сыртқа тасып, толқи түс-ті. Әлсін-әлсін дөңгелек қара көзін төңкеріп қойып, Мекірге сүзіле қарайды.
— Ән айт, Рәфия, ән! — деді Мөкір, — ауылдың баяғы өздерің айтатын әндерін сағындым.
— Патефонды қояйын онан да. Мен де ән салуды әлдеқашан үмытқанмын.
Рәфия жүкаяқтың астынан патефонды алды.
Ғашықтықты, сағынышты, жан-дүниеңді тебірентетін ән-дер мен күйлердің бірінен соң бірін ойната берді Рәфия. Мәкірдің көңілі бірде көтеріліп, сонау аспанға шарықтай женелсе, бірде жабырқап, селдір кірпіктері жыпылықтап, жылауға аз-ақ қалады.
Күйтабақ "Сырымбетті" шырқай жөнелгенде: "Әттең, дөурен-ай!" — деген Мэкір ауыр күрсініп, Рәфияның иығына қолын салып, өзіне жақындатты. Арық қолдары катты екен. Ауыр жүмыстан алаканы мүйізденіп кеткен. Өзінен әлдеқай-да биік, етжеңді Жаппардың қолын артына қайырып, қамшы-сын тартып алды. Е, оны қойшы. Өмірі қара жұмыс істемеген ақсаусақ неме.
Мәкір Рәфияның бетіне бетін тигізіп: "Бетің ыстық қой" — дегені сол еді, мойны кирелеңдеген патефонның үні мыңқ етті де, өшіп қалды. Рәфия патефонный қүлағын бұрап-бұрап, "Сырымбетті" қайта ойнатты, Мәкір тағы да Рэфияның бетіне бетін тигізді. Тағы да:
— Бетің ыстық қой, — деді.
— Сенің де бетің ыстық, — деді Рәфия. Мәкірдің көзінен көзін алмай аз түрды да жүма қойды.
Мэкір Рәфияның ерніне ернін тигізіп, қатты қүшьш, қүшырлана сүйді.
— Көзің қандай жақсы!
— Сенің де көзің жақсы, — деді бойын түзеп алған Рәфия. — Далаға шығып, сергіп кел. Мен дастарқанды жинайын. Сосын таң атқанша ән тыңдаймыз екеуміз.
Аспанда жүлдыз тым көп екен. Ауылдың, өз ауылынын түнгі ашық аспанының жүлдыздары. Олар біресе Рәфияның мойнындағы меруерттей жылтыраіан моншақтарын, біресе қалың ашылған ақ мақтаны елестетті.
Енді біраздан соң таңды, туған ауылының ғажайып бір ақ таңын күтіп алатынына сенді Мөкір.