Санжар Ғұлама

Туындылары


ӘЙ, КҮЙГЕЛЕК ДОСЫМ – АЙ!

Әй, күйгелек досым-ай,
Көңіліңнің босын-ай.
Сүйретіліп өмірде,
Жеткен жерің осы ма-ай?!

Білем,
Жаның кектенді,
Созылмасын көпке енді.
Өткен қалсын өткенде,
Ұмыт реніш-өкпеңді.

Ренжи беріп өмірге,
Дерт қондырдың көңілге.
Өмір – шайқас алаңы,
Берілме де, жеңілме.

Көрген күнім осы, – деп,
Көңіліңнің қошы жоқ.
Біл: Дүние жарытпас,
Адамзаттың досы боп.

Бақтың білмей бағасын,
Кімге кінә тағасың?
Жараланса жас жаның,
Әлі-ақ емдеп жазасың!

Бұл өмірге жылап кеп,
Жан берерсің бір-ақ рет.
Сабырға кел, бауырым,
Бәрі-бәрі сынақ тек.

Дүниесі бар болсын,
Көз жасыңа зар болсын.
Бір-ақ тілек:
Өзіңе,
Аллам өзі жар болсын!