Бөрібай Оразымбет

Туындылары


ӘДЕП

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың баяндамасынан кейін туған ой

Кемшіліктер сенде де бар, менде де,
Кінәлары болмағасын пенде ме?
Дөкейлерім айпағасын дилы сөз,
Қынжылады демеші енді Ел неге?!

Жолбарыстың жолағындай жортумен,
Елдің іші күйзелуде толқумен.
Үміті аз әрекеті еш кетіп,
Үрей билеп үйде отыр қорқумен.

Індетпенен үндесумен таңды ұрам,
Ойларымның омыртқасын талдырам.
Үй артынан келуші еді дос деген,
Қас-дұшпандай келдің есік алдынан.

Жүйкемді де жұқарттың-ау індетім,
Қатқан безді қайыңдардай міндетің.
Жесір ана, мүгедек ер көбейді,
Бала қалды ата-анасыз тұл жетім.

Көктем келген індетіңнің озығы,
Деген Бабам... күзде жетер тозығы.
Өрт ішінде мақтаны да сақтаған,
Қасқыр жемес, АЛЛА баққан қозыны.

Сұрау белгі жасасаң да белімді,
Қайсысыңмен қамыттама Елімді.
Кім не істесе, АЛЛА берсін жазасын,
Сабыр етіп, жоғалтпайық сенімді!