Марғуба Мухтарова

Туындылары


ПАЙДАЛАНАСЫҢ...

Пайдаланасың,
Қатырдым деп қуанып.
Қайда барасың,
Тозығы жеткен жұбаныш.

Рухани тазалығың жоқ бойыңда,
Тағы кімді алдасам дейсің ойыңда.
Бар нәрсенің бағасы бар қарағым,
Сұр жыландай ирелеңдесің қойында.
Шырыдайсың кінә жоқ менде,
Менде деп,
Пайдаландың ғой, қарағым сен жай мойында.

Тазалық деген адамның асыл байлығы,
Алланың берген адамына айлығы.
Жауап бересің шыбын бір жаның шырылдап
Уақыты кеп жетеді бір күн ай-күні.