Туындылары
ЗАМАНДАС, БҮГІН ӨЗІМДІ ТАҒЫ ЖҰБАТТЫМ
Замандас, бүгін өзімді тағы жұбаттым
Арманға алыс, көз тігіп көкке ұзақ тым.
Әр таңға деген үмітім келіп толтырды,
Көңілге түскен қаяумен орнын сызаттың.
Қажыппын, әлден, ұйқысыз атқан таңдардан,
Жабықтым әбден жанымды ұқпас жандардан.
Жер бетіндегі жөйіткіп жүрген пенденің,
Бәріне бірдей ұнамасымды да аңғарғам.
Білмеймін,
Алда сынақ бар қандай, қымбаттым. Аллаға аян!
Ал, маған бәрі жұмбақ тым.
Сынақта жүру бұйырса маған,
Білерім;
Қымбаттым, мәні сонда деп білем шын бақтың.
Сынақта жүру бұйырмай кеткен пенде көп,
Тынымсыз зырғып айналып жатқан жерде доп.
Ғажайып өмір жұмақта ғана.
Бұл – фәни!
Сынақсыз өмір бар, десе мұнда сенбе, жоқ.