Туындылары
Найзағайлы түн.
Дірілдетіп, дүбірлетіп, көк белді, 
Нөсер алып келе жатты көктемді. 
Ару аспан асығыстау көктейді, 
Алтын жіппен жыртық  қара шекпенді. 
Тоз – тоз шекпен, бір етегі далақтап, 
Тауға асылып,ұйып қалды қонақтап. 
Анда – санда сүттей әлем көзіне, 
Жарқ етеді, сайға қашқан жол аппақ. 
Алмас семсер, тау бөктерін жанай бір, 
Сілтегенде қара жерге қарай бір. 
Дір – дір етті жайлаудағы боз бие, 
Жер тепсініп,кісінеді қара  айғыр ! 
Балапан шөп – маңдайына тамшы ұрып, 
Жармасады балағына тал  шыбық. 
Жер  төсінен көтеріліп қанша  гүл, 
Көрпесінен қарғып тұрды, қанша үміт!

