Туындылары
АПА-АУ
Апа-ау
Ауырмасыншы жүрегің.
Алаңдаулысың білемін,
Ойыңнан шықпай бір сәтте,
Түсіңе күнде кіремін.
Алдымда бейне батырсың,
Шынында да
Пенде,
Пақырсың.
Білем ғой сен де мені ойлап,
Ауылда ауырып жатырсың.
Орын жоқ, апа-ауалаңға,
Осал жан емес балаңда.
Мен шауып кетем артынша
Азғана серігіп алам да.
Жабырқау тартқан жайың жат,
Қайда бар екен дайын бақ?
Мен бәрін күліп қарсы алдым,
Сен жүрсің әлі уайымдап.
Өшпесін рухтың айбыны,
Иман ғой жанның байлығы.
Еркелетпеші есіртіп
Көңілге түскен қайғыны.
Өмір бар, апа-ау, мұндада.
Мұңайтатындарды тыңдама.
Бұл да бір өмір мектебі
Шығамын содан шыңдала.