Салтанат Айдарбекова

Туындылары


БІР ӘДЕМІ БАҚЫТТАН КЕШІГІППІН...

Сананы улап жатқандай есірік мұң,
Бақтың да соры барын кеш ұғыппын.
Керуеніне кешіккен жолаушыдай
Бір әдемі бақыттан кешігіппін...

Кешіктім, бәлкім содан жалғыздығым,
Алданышым-жұбатар жалғыз жырым.
Менің тылсым әлемім, ақ дүнием,
Жұбатумен келеді жалғыздығын...