Туындылары
Көрсең – көркем емеспін, 
Сүйсең – еркең  емеспін. 
Сен – анықсың,  шындықсың, 
Мен – жәй, пері, елеспін ! 
Ақылымнан безіппін, 
Адасқанмын, сезіппін. 
Қалай ғана тез ұқтым ? 
Қайдан ғана кезіктің ?! 
Қанжар – көзді лақтырдың, 
Лақтырғанды жақтырдым. 
Сен аржаққа өттің де, 
Мен бержақта қап тұрмын. 
Бұзған көңіл тынышын, 
Көп  пенденің бірісің. 
Бола білу сүйікті –
Сүйе білу ұлы сын !

