Туындылары
ЕГІЗДЕР
Егіздерге ой келді жыр тамшылай
Жия бердім дән жиған қырмншыдай.
Ұқсамайтыны болғанмен бірді-екілі
Тоқсан тоғыз пайызы- бір тамшыдай.
Егіздерін Анасы емізерде,
Қос анармен толысар теңіз кеуде.
Бір емшекті бөлісіп емгенменен,
Ерегісіп қалады егіздер де!
Көп емізсе Анасы ұл баланы,
Мамыр-мақам төсінде ырғалады.
Ерегісіп қалғанда егіздердің,
Кейінгісі көбірек мұнданады.
Егіз жандар белгілі бесенеден,
Құдай берген, күш- жігер еселенген.
Сезімдердің күштісі-ай, бірі ауырса,
Екінщісі көп өтпей кеселденген.
Бірдей тойып ақ сүттің құнарына,
Тәтті өмірдің шомылар бұлағына.
Абайсызда биреуі құлап қалса,
Жылайды екен сол сәтте сыңары да.
Таса берсін Егіздер ырыстарың,
Таза ақсын бойында құрыш қаның.
Мен тілеймін Құдайдан – Жолатпасын,
Абыл менен Қабылдың «ұрыстарын».