Туындылары
Нұрикамал.
( әні бар )
Аспандағы ай ма дедім,
Жастық шағым қайда менің ?
Жүрегімді елжіреткен
Жаным қандай жайдары едің ?
Нұрикамал, Камалым – ай,
Күндей ашық жанарың-ай.
Қолым жетпей, сөзім де өтпей,
Жаутаңдадым, қабағыңа-ай,
қарағым-ай!
Ойың-озық, сөзің-тәтті,
Қандай ана сені тапты?
Көңілімнің шарасына,
Сыймай, тасып, сезім жатты...
Көп ішінде көріп едім,
Тағдырыма сеніп едім.
Көз алдымнан кетпей қойдың,
Қайдан келген елік едің ?
Нұрикамал, Камалым-ай,
Күндей ашық жанарың – ай.
Қолым жетпей ,сөзім де өтпей,
Жаутаңдадым, қабағыңа-ай,
қарағым-ай!..