Бөрібай Оразымбет

Туындылары


СӘТ-ҒҰМЫР

Тек өзіңе сен мені жерік те еттің,
Қай жеріңді сүйсем де ерікті еттің.
Құшағыма қысқанда қорғасындай,
Балқыды да сәт-ғұмыр еріп кеттің.

Еріп кетің бір сәтке балқыдың да,
«Денеем» – деген сөз қалды алқымымда.
Балаусадай балбырап ыңырсыдың,
Алауыңмен жүзімді шарпыдың да.

Шарпып алып азырақ талықсыдың,
Арпалысып сезімдер алысты мың
Талмаусырап мен-дағы ауа жетпей,
Ләззатыңа тояттап талықсыдым...

Екі сезім бір – бірін иеленіп,
Жалын құшты түнімен жүиеленіп
Мүшеленіп қалыппыз таң атқанда,
Ерніп куиіп қалыпты суйе беріп!