Марғуба Мухтарова

Туындылары


АТА-АНАМ

Атаның жөні бір басқа,
Ананың жөні бір басқа,
Бақытым, барым осылар
Бақыттымын-ау мен, қасқа!

Мәртебемді көтеріп,
Көркем етер екеуің.
Ауылға бір барғанда
Еркелетер екеуің.

Әрқалай жағдай болғанда.
Жұбататын екеуің.
Жаңалықты, жақсыны
Өздеріңнен естіртіп
Қуантатын екеуің.

Жан түсінбес дертімді,
Түсінетін екеуің.
Қиналғанда қиналып
Күрсінетін екеуің.

Сендер барда қыздарың
Сағынышы ауылдың.
Сендер барда қыздарың
Еркесі бар қауымның.

Отызға келіп қалсам да,
Бала боп кетем мен деген
Ықыластарың-ай сендердің
Ештеңе тең келмеген.

Шымырлап кетті жүрегім,
Сағынамын да жүремін.
Сендер барда ата-анам
Қуанамын да күлемін.

Аман болшы ата-анам
Алладан осы-ақ тілерім
Қызмет етемін әрқашан
Жүрегім, жаным, тірегім!