Серәлиев Нәсредин

Туындылары


Қонақ келгенде.

Біздікіне Атабек ағай қонаққа келді. Көңілді, ақ жарқын ікісі еді. Бір ғажабы - өте балажан. Қай үйге барса да бала біткеннің маңында топырлап жүргенін көретінмін. Бала да адамның қас – қабағына қарай ма деймін, ол кісі үйге кіріп, енді төрге жайласқаны сол енді, біздің үйдің екі баласы жанына жетіп барсын. Үш жастағы Алмас әй- шай жоқ тізесіне мінді. Бес жасар қызымыз Айгүл еркелеп иығына асылды.
Бір кезде Атекең алдында отырған Алмастың басынан сипап:
- Ой, Алмас деген жақсы жігіт екен ғой, Айгүлден де жақсы ма деймін, - деп еді. Айгүл бұртиып, Атекеңнің қасынан кетіп қалды.
- Бері кел, сен де жақсысың, - деп шақырып еді, кәдімгідей қабағын түйіп, бұрылмай қиыс қарап тұрды. Қанша айналып толғанса да, міз бақпады.
Алмас Атекеңе еркелеген сайын, Айгүл қырсыға түсті. Атекеңнің көз жүгіртіп отырған журналының парақтарын үрлеп желбіретін, оқытпай қойды.
- Көкеге тыныштық бер! – деп кейідік біз.
Солай – ақ екен, бақырып жылап қоя берді. Сөйтіп қызғаныштан көз жасы босқа төгілді.