Серәлиев Нәсредин

Өмірдерек


Насреддин Сералиев 1930 жылы 25 қазанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы «Қашқансу» ауылында туған.
1944 жылы Абай атындағы жетіжылдық мектепті бітіріп, сол жылы
Қызылордадағы педагогикалық училищеге түседі. 1948 жылы Н.В Гоголь атындағы педогогикалық институтың филология факультетіне түсіп, оны ойдағыдай аяқтайды. 1952-58 жылдыры жазушы облыстық «Ленин жолы» газетінде, кейін «Үгітші блокнотында», «Пионер» және «Балдырған» журналдарында қызмет істейді. 1962-65 жылдары өлкелік «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, 1965 жылы Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші, 1968 жылдан қайтыс болғанға дейін осы бөлімшенің жауапты хатшысы болып қызмет атқарды.
Н.Сералиевтың «Ұшталмаған қарындаш» (1956ж), «Намыс» (1959ж), «Ақ лақ пен қара лақ» (1961ж), «Ақбөпе» (1968ж), «Ақ қайың» (1967ж), «Ыстық күлше» (1969ж), «Қарақыз» (1969ж) т.б кітаптары бар.
Н. Сералиевтың аударуымен И. Котляровскийдің, А. Гайдардың, С.Баруздиннің шығармалары қазақ оқырмандарының қолына тиді.
Жазушы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
Н. Сералиев 1989 жылы қайтыс болды. Бейіті Шымкент қаласы маңындағы зиратта.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу